КӨШПЕЛІ ДЕПУТАТТЫҚ ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ

Ағымдағы жылдың 07 сәуір күні Бершүгір ауылдық округінде Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депуаттық фракциясының көшпелі отырысы өткізілді.

Көшпелі отырысқа Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы Сқақ Бигеев, депутаттық фракция мүшелері Жарылғасын Шамбалаев, Асылбек Тілеужанов, Бершүгір ауылдық округінің әкімі Айтқали Жұбаназар қатысты.

Күн тәртібінде Шалқар ауданы бойынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі Жол картасының Бершүгір ауылдық округінде жүзеге асырылу мәселесі қаралды.

Ауылдық округтің әкімі Айтқали Жұбаназардың айтуынша 2021 жылы Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында Сарысай елді – мекенінде шағын футбол алаңы ашылып, бүгінде ауыл жастарының спортпен айналасуына жағдай жасалған.

Жиын соңында күн тәртібіндегі мәселе бойынша бірқатар ұсыныстар айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.