ТҰРҒЫНДАРҒА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Ағымдағы жылдың 07 сәуір күні Бершүгір ауылдық клубы ғимаратында Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы Сқақ Бигеев, депутаттық фракция мүшелері Жарылғасын Шамбалаев, Асылбек Тілеужанов, Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова, Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Еркебұлан Бүркітов ауыл тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

«AMANAT» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауына келген Бершүгір ауылының тұрғындары Бершүгір ауылында көгілдір отынның жоқтығы, «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасының төбесіне жөндеу жұмыстарының қажеттілгі, ауылға кіре-беріс жолға жөндеу қажет екенін айтты.

Қабылдауға келген тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.