ҚАР ҮСТІНДЕГІ ФУТБОЛ

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі спорт жанашырларымен бірлесіп, «Beijing — 2022» XXIV қысқы олимпиадаға қатысушы қазақстандық спортшыларымызды қолдау мақсатында спорт ардагерлері арасында қар үстінде шағын футболдан жарыс өткізді. 

Жарыс нәтижесі бойынша I орынмен «ФОК», II орынмен «Жігер»,  III орынмен «Бірлік» командалары марапатталып, кубок пен алқаларға ие болды. Сондай-ақ, №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жасөспірімдер арасында эстафеталар ұйымдастырылды.

Биылғы  «Beijing — 2022»  XXIV қысқы олимпада ойындарында еліміздің спортшылары биік тұғырдан көрініп, көк туымызды желбіретсін демекпіз.

Сұлтан ДЖУМАНОВ, аудандық дене шынықтыру және спорт  бөлімінің басшысы.