Ата заң — еліміздің тірегі

Құрметті жерлестер!

Сіздерді елдігіміз бен бірлігіміздің айғағы болып саналатын мереке — Конституция күнімен құттықтаймын!
Бұл күні Егеменді еліміз үшін басты бағдарға айналған, отандастарымызды көк байрағымыздың саясына топтастырған айбынды Ата Заңымыздың қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Бұл күн — Қазақ елінің еркіндігінің бейнесі, демократиялық, құқықтық, әлеуметтік мемлекет екендігіміздің дәлелі.
Еліміздің әрбір азаматы негізгі заңның асқақ рухы мен маңызын, тарихын жақсы білуі тиіс. Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын жетік білуіміздің арқасында біз өз елімізді, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Сондықтан, оны ардақтау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы әрі міндеті.
Осы мереке қарсаңында әрбір азаматтың деніне саулық, әрбір шаңыраққа татулық пен келісім, табыс пен молшылық тілеймін. Ата Заңымыздан туындаған ізгі бастамалардың нәтижесінде Отанымыз өрлеу мен өркендеу биігіне көтеріліп, болашақ ұрпақтарымыздың мерейлі мақтанышына айналсын. Тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміз ғұмырлы болсын!
Ел тірегіне айналған Ата Заңымыздың айбыны әркез асқақтай берсін!

Шалқар ауданының әкімі Ж.Жидеханов.