БАСТЫ БАЙЛЫҚҚА БӘРІМІЗ ДЕ ЖАУАПТЫМЫЗ

Денсаулық сақтау жүйесін жаңартудың басты мақсаты — адамға өмір бойы медициналық көмек көрсетумен қамтамасыз ету болып табылады. Осы ретте адамға туғаннан бастап көрсетілген барлық медициналық қызметтердің электрондық денсаулық төлқұжаты болады. Үстіміздегі жылы аудан бойынша халықтың 100 пайызы электрондық денсаулық төлқұжатымен қамтылды деуге негіз бар. Тұрғындардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін бұл жүйе қаржы жағынан қолжетімді, көрсетіліп жатқан медицина қызметі тиімді және сапасы жоғары болуы керек. Ақтөбе облысында көлік медицинасын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Себебі тұрғындардың тең жартысы ауылдық жерлерде тұрады. Шалғайда тұратын тұрғындарға медициналық көмек қол жетімді болуы керек. Ауданда 76 дәрігер, 310 орта буын медициналық қызметкерлері тұрғындарға қалтқысыз қызмет көрсетіп отыр. Және аудандық орталық ауруханасы 75 керует орнымен, тәулігіне 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 7 дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт, 19 медициналық пункт жұмыс істейді.

Басты мақсат — профилактикалық, яғни, аурулардың алдын алу шараларын, скринингтік зерттеулерді сапалы жүргізу, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулар мен жарақаттардың диагностикасын, емдеу мен сауықтыруды жетілдіру болып табылады. Балалар арасындағы ауруларды ерте анықтау, ересектер арасында жүрек-қан тамырларын, әйелдер арасында омырау мен жатыр мойны қатерлі ісіктерін, қант диабеті, су қараңғылық, тік және тоқ ішек, қуық асты безінің, өңеш пен асқазанның қатерлі ісіктерін ерте анықтау үшін халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылау бағытында ұлттық скринингтік бағдарлама жылдар бойы іске асырылып келеді. Жоспар бойынша тұрғындар қаралып, табылған науқастар есепке алынып, сауықтыру шаралары жүргізілуде. Балаларына екпеден бас тартқан ата-аналармен жұмыс жүргізу мақсатында 1 бала дәрігері арнайы жауапты болып тағайындалды. Ауданда мобильді топ құрылып, үй жағалап түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, жыл басынан бері 82 бала әлі екпеден бас тартып отыр.
Бастапқы медициналық санитарлық көмекті көрсетуді жетілдіру мақсатында қала бойынша 15 жалпы тәжірибедегі дәрігер алқабы ашылды. Бұрын әр алқапта 1900-2000 ден тұрғын болса, қазір әрбір алқаптағы тұрғын саны 1600 адамнан аспайды. Бұл да тұрғындарға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жоғарылатуда септігін тигізеді деп ойлаймын. 72 адамға 7,7 млн теңгенің әлеуметтік көмегі көрсетілді.
Елімізде басталатын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылықтары мен болашағы өте зор. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезең кезеңімен енуде. Аудан бойынша 31 медициналық ұйымдар (емхана, ДА, ФАП, МП) 100 % интернет жүйесіне қосылып, 90% компьютермен қамтамасыз етілген. Емханада тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз етуде төлем терминалы орнатылды. Ауруханадағы медициналық ақпараттық жүйелерінің негізгі міндеттері — халыққа кез келген жағдайда ақпараттық медициналық көмек көрсету екені айқын. Медициналық мекемелерді басқару мен денсаулық сақтау жүйесінің өзін ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында «Даму-мед» медициналық ақпараттық жүйесі жұмыс істеп тұр.
Осы жүйе бойынша барлық медицина қызметкерлерін дәрігерлер — 73, медбикелер — 210, тіркеу — 4-і каскадтты әдіспен оқытылды. Оқыған қызметкерлер онлайн арқылы тестілеуден өтіп, телемедицина арқылы облыс көлемінде өткен семинарға қатысты.
Қала және елді мекендердегі медицина қызметкерлері тұрғындардың халық регистрі (РПН) бойынша сақтандырылмаған тұрғындардың тізімі шығарылып, үй аралап түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бастап аудан тұрғындары 42504-ті құрайды, осының ішінде сақтандырылғандар — 31421, сақтандырылмаған 6067 тұрғында құраса, ол 14 пайыз болып тұр. Қалған тұрғындар жеңілдікке енген санаттағылар. Емханаға тіркелмеген және жүйеде статусы анықталмаған азаматтардың мәселесін шешуде медицина қызметкері бекітіліп, сұрақтар бойынша жүгінгендерге қызмет көрсетеді.
Аудан бойынша осы жылдың 6 айында демографиялық көрсеткіштері төмендегідей: туу (1000 тұрғынға шаққанда 2019 ж. 6 айы – 464 (10.2), 2020 ж. 6 айы – 459 (10.1); жалпы өлім 2019 ж. 6 айы-137 (3.0); 2020 ж. 6 айы –145 (3.1), табиғи өсу 2019 ж. 6 айы – (7.2); 2020 ж. 6 айы – (7.0), 1 жасқа дейінгі балалар өлімі 2019 ж. 6 айы– 5 (10.7); 2020 ж. 6 айы – 6 (13.2), Туберкулезбен аурушаңдық; 2019 жылдың 6 айында 3 – 6,6, 2020 жылдың 6 айында 11-24,2.
Ағымдағы жылдың 6 айында ауруханадағы тәулік бойғы стационарда жалпы емделіп шыққандар саны — 1334 адам, керует күні — 8369. Күндізгі стационарда емделіп шыққандар саны — 474 адам, керует күні — 3507. Ал үй жағдайындағы стационарда емделгендер саны — 23 адам, керует күні — 123.
Телемедицина арқылы 7 кеңес алынды.
Аудан бойынша 31 медициналық ұйымдар (емхана, ДА, ФАП, МП) 100 % интернет жүйесіне қосылған, 90% компьютермен қамтамасыз етілген.
Аудан аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және оны болдырмау мақсатында да бірқатар жұмыстар жасалды.
Аталған індетке шалдыққан науқастарды емдеу мақсатында аудандық аурухана балансына кіретін бұрынғы туберкулезге қарсы аурухананы санитарлық норма мен талапқа сәйкес бейімдеп, 15 (он бес) керуеттік инфекциялық стационар; 30(отыз) керуеттік провизорлық стационар, ұйымдастырылды.
Қазіргі таңда ауданда COVID-19 бойынша 116 науқас тіркелді.Оның ішінде симптомсыз — 83, симптомды — 33 науқас анықталды. COVID-19 бойынша ем алып жатқандар жоқ. Covid-19 симптомсыз түрімен 2 (екі) науқас дәрігерлік бақылауда, инфекциалық госпитальда емделуге жатқан науқас жоқ, жазылып шыққандар — 112 адам. Ақтөбе облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасына 13 науқас жіберілді.
Инфекциялық стационарға 32 науқас түсіп, 30 науқас емделіп шықты, 2-і қайтыс болды, қазіргі таңда пневмония дерттемесімен 247 науқас тіркелді. Провизорлық стационарда бронхопневмония дерттемесімен 189 науқас емделуге жатты, оның ішінде 166-і жазылып шықты, 16-ы қайтыс болды қазіргі таңда 7-і ем алып жатыр. Күндізгі стационарда пневмония дерттемесімен 34 науқас түсті, 34-і жазылып шықты. Пневмония дерттемесімен амбулаториялық жағдайда 24 науқас түсті, 21-і емделіп шықты, 3-і ем алып жатыр.
КВИ-мен барлығы 28 медициналық қызметкер ауырды. Оның ішінде 7 дәрігер,16 медбике, 5 кіші қызметкер бар. Барлығы да қазір жазылып шықты. Қазіргі таңда ауруханаға медициналық қызметкерлерге деген қажеттілік бар. Ауруханада осы науқастарды емдеуге арналған 5 ИВЛ аппараты, 250 оттегі баллоны бар.
Өңір кәсіпкерлерінің қолдауымен ауруханаға 3 — баброва аппараты, 48 — оттегі баллоны, 3 — жедел жәрдем сөмкесі, 1000 — бетперде, 15 — пульсоксиметр аппараты, 5 — танометр,1 — тепловизор, 80 — бетті қорғайтын қалқандар, 500 — бір реттік қолғап,1 — санитайзер, 1 — небулайзер, 1 — ЭКГ,1 — ИВЛ сынды т.б. аппараттар берілді.
Ресей, Өзбекстан т.б. сырт елдерден ізгілік көмекпен дәрі-дәрмектер, медициналық бұйымдар, бетперделер, қорғаныш киімдері, бет қорғайтын қалқандар келді. Алматы қаласынан “Дәулет”, “Шұғыла”, “Эльмира Ешниязова” жеке қорларынан, ауданның ерікті жастары, Базой елді мекенінің жастары т.б. қайырымды орталар хабарласып көмектерін жеткізді.
Бұл қатерлі дертпен күресуге бүгінгі таңда тұтас қоғам болып атсалысуда. Осы орайда аудан жастары, өңір кәсіпкерлері бастаған бірқатар жанашыр азаматтар ауруханаларға арнайы тыныс алу аппараттары мен дәрі-дәрмектер жеткізуге күш жұмылдыруда.

Н. Шақшабасова, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары.