Гүлсімнің еңбегі бағаланды

Ақтөбедегі өнер орталығында өткен мәдениет және өнер қызметкерлерінің төл мерекесінде аудандық тарихи-өлкетану музейінде 15 жылдан астам қажырлы еңбек еткен, бас есепші Гүлсім Сансызбаева министрліктің «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Төсбелгіні Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы облыстық филиалының төрайымы Нәзира Табылдинова табыстаған.
Гүлсім Қалжанқызының еңбек жолында осыған дейін де жоғары тарап пен музей әкімшілігінен алған марапаттары жеткілікті. Аудандағы бірден-бір мәдени-рухани болып саналатын музей қызметкерлерінің алдыңғы толқынынан орын алатын Гүлсімнің кейінгі ізбасарларына көрсетер үлгісі көп. Әсіресе, жұмыс барысында жастарға ақылшы болып, кеңесін беруден еш қалыс қалған емес.

Өз тілшімізден.