Акция аясындағы қайырымдылық істер

Елімізде төтенше жағдай жариялануына байланысты халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Біз біргеміз» акциясы аясында Жылтыр ауылында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, облыстық мәслихат депутаты Ақылбек Оралмағанбетов және Талдықұм ауылының байырғы тұрғыны, жеке кәсіпкер Хамит Баймашев айлардың сұлтаны — қасиетті Рамазан айында 9 отбасына 180 мың теңгеге азық-түлікпен қамтамасыз етті. Сонымен қатар «Тұз» шаруа қожалығының төрағасы Досымжан Жаңбыршы 15 отбасына 300 мың теңгеге, «Өркен» шаруа қожалығының төрағасы Нұрқаш Омаров 20 мың теңгеге 2 отбасына азық-түлік, жеке кәсіпкер Сәкен Құдайбергенов әлеуметтік көмекті қажет ететін 4 отбасына 55 мың теңгеге азық-түлікпен қамтыды. Ауылымызды жасыл желектендіру аясында «Үлкен Борсық орман шаруашылығы» мекемесінің басшысы Исатай Көмекбаев 500 түп тал отырғызды.
«Біз біргеміз» акциясы жалғасын таба бермек.

Шалқар ауылдық округі
әкімінің аппараты.