Елдің қамы үшін жасалған қадам

Кешегі тарих беттеріне үңілсек, қазақ қай кезеңде болмасын бастан өткерген қиын күндерді сабырлықпен жеңіп келген халық екенін аңғарумызға болады. Бүгінгі күні әлемді дүрбелеңге салған індет елімізді де біраз әбігерге салғаны белгілі. Осындай қиын кезеңде ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының мәлімдемесі дер кезінде жасалды деп есептеймін. Мемлекет басшысының мәлімдемесі халқымызға үлкен демеу болды.
Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеруге үлкен ден қойған. Алға қойылған шаралар халқымыздың осындай қиын кезеңді өткеруіне өз септігін тигізеді деген сенімдемін. Барлық жүргізілген шаралар ел игілі үшін жасалуда.
Сабырлық танытып, қойылған шектеулерді сақтасақ, бұл індеттің де алдын аламыз деп ойлаймын.

Қуанышбай Князбаев,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.