ШЕКАРАШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің тапсырмасымен «Ұлы Борсық» КМК директоры Сахан Оразбай мен аталған кәсіпорынның бас инженері Бақытқали Абдол «Құланды» шекара заставасына барды. Аудан басшысы атынан шекарашылар үйіне түрлі-түсті теледидар, әдеби кітаптар, дәрі-дәрмектер, жылыту қазандығына арналған құрылғы, қуаты 30 кВт. құрайтын дизель агрегатын табыстады. Өз кезегінде жеке құрам бұл сый-құрметке алғыстарын білдірді.
Аталмыш застава 2005 жылы құрылып, ҚР Үкіметінің 2018 жылдың 13 сәуіріндегі №187 қаулысы мен 2018-2020 жылдарға арналған «Арал теңізінің Қазақстан Республикасының аумағындағы «Возрождения» аралының эпидемиологиялық жағдайын жақсарту мен мониторингілеу» жоспарына сәйкес, ҚР ҰҚК Шекара қызметі «Возрождения» аралының Өзбекстан Республикасымен арадағы мемлекеттік шекараны күзетеді.
Шекарашы жауынгерлер күзететін аумақтың ауа райы қатал. Осындай климаттық жағдайға қарамастан жеке құрам Отан алдындағы парызын абыройлы атқаруда. Қырағы жауынгерлер сапында спорттан жетістіктері бар жігіттер бар.

Өз тілшімізден.