КІТАПХАНАШЫЛАР СЕМИНАРЫ

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың директоры Б.Жақсыбаеваның ұйымдастыруымен «Заманауи қоғамда тәрбие беру мен ұлттық мәдениетін насихаттаудағы кітапхананың ролі» атты Байқадам ауылдық кітапханасында семинар өтті. Оған аудандық кітапхананың библиографы, әдіскерлері және барлық кітапханашылар қатысты. Кеңес барысында жастарға патриоттық тәрбие беру, халықты кітап оқуға тарту шараларының жоспарлары талқыланды. Байқадам ауылдық кітапхананың кітапханашысы С.Жұбандықованың ұйымдастыруымен биылғы жылы республикалық «Бір ел — бір кітап» акциясы аясына жас оқырмандармен бірге ақын, жазушы Ә.Кекілбаевтың «Абылай хан» дастанынан көрініс көрсетіп, шығармаларын насихаттап, өз өнерлерін ортаға салды.

Семинар соңында кітапханашылар ауызы дуалы би, батыр, әулие Есет пен Дәрібай бабалардың кесенелеріне тағзым етіп, Құран бағыштады.