БІРЛІК МЕРЕКЕСІНДЕ

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Шалқар жерінде жоғары дәрежеде аталып өтті. Мерекелік көңіл-күймен орталық саябаққа жиналған халықты аудан әкімінің орынбасары А.Қонақбаев құттықтап, еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы халқымыздың бірлігі мен ынтымағы нығая беруін тіледі.  

Өнерпаздар түрлі ұлттардың әні мен биінен шашу шашып, жиналған қауымға тамаша көңіл-күй сыйлады.