Сұрақ-жауап
- Қазақстан аумағындағы діни білім орындары мен жоғарғы оқу орындары қанша және қандай?
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ:
-Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Алматы қ – @nmu_kz
МЕДРЕСЕЛЕР:
1) Ақтөбе медресе колледжі – Ақтөбе облысы,Алға ауданы- @aktobe_medrese_kolledzhi
2) «ҺибатуллаТарази» медресесі – Тараз қаласы- @asyldin.kz
3) ӘбуХанифа медресе колледжі – Алматы қаласы- @abuhanifa_medrese
4) Сарыағаш медресе колледжі – Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы- @saryagash_medrese
5) Орал медресе колледжі – БатысҚазақстан облысы, Орал қаласы- @oral.medrese
6) Үшқоңыр медресе колледжі – Алматы облысы, Жамбыл ауданы- @ushqonir_mk
7) Әбу Бәкір Сыддықмедресе колледжі – Павлодар қаласы- @medrese_pvl
8) Шымкент медресе колледжі – Шымкент қаласы- @shymkent_medrese
9) Астана медресе колледжі – Астана қаласы- @astana_medrese

- Жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда, пәтерлерде және үйлерде мемлекеттік жалаушаларды орнатуға бола ма? Мүмкін болса, ережелер бар ма?
ҚР «Мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында:- Мемлекеттік ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің қалауы бойынша көтерілуі және орнатылуы мүмкін;- Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін.Осылайша, заңнамада мемлекеттік туды тұрғын үйлерде және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың үй-жайларында пайдалануға тыйым салынбайды.:- Мемлекеттік Ту оның мөлшеріне қарамастан ұлттық стандартқа сай болуы тиіс;- Мемлекеттік Тудың бейнесін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды;- қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік тумен бірдей бола алмайды
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000258_

- Архивтен анықтаманы қалай алуға болады?
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына не «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.
11 (он бір) жұмыс күні ішінде.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін екі және одан да көп ұйымдардың және (немесе) 5 (бес) жылдан астам кезеңнің құжаттарын зерделеу қажет болған жағдайда, жауапты орындаушы қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет мерзімінің 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылғандығы туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.
Құжаттар (мәліметтер) мемлекеттік сақтауда болмаған жағдайда жауапты орындаушы құжаттар түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқ екендігі туралы немесе сұранымды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жолданғандығы туралы жауап дайындайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік-құқықтық сипаттағы мәліметтерді растау жөніндегі архивтік анықтама, архивтік құжаттың көшірмесі немесе архивтік үзінді, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушіде сұратылған құжаттардың (мәліметтердің) мемлекеттік сақтауда жоқтығы, сұрау салуды тиесілігі бойынша басқа мемлекеттік немесе ведомстволық архивке жіберу туралы жауаптар не қағаз/электрондық түрдегі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

- Ақтөбе облысында туризмнің қандай түрлері басым?
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында туризмнің келесі түрлері даму үшін басым болып табылады:
– экологиялық туризм (агротуризм) – бірегей табиғи объектілер: Қарғалы су қоймасы, «Қасқыр» сарқырамасы,» Немой » ауыл (Қарғалы ауданы), «Аққұм» құмдары, «Ақтолағай» бор таулары (Байғанин ауданы), «Барқын» құмдары (Ойыл ауданы); «Аққайың» орманы (Мәртөк ауданы)
– мәдени-танымдық, киелі туризм-өңірдің тарихи және мәдени мұра объектілері, сондай-ақ Қазақстанның киелі картасына енген объектілер: «Қобыланды батыр» мемориалдық кешені, «Абат Байтақ» кесенесі, «Исатай батыр» кесенесі (Қобда ауданы), «Есет батыр» мемориалдық кешені (Алға ауданы).




