Әкімдік
Мемлекеттік қызметшілерге арналған жиын

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ризагүл Мырзағалиқызы Омарова ауданымызға іссапармен келіп, Шалқар ауданы әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметшілерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жиында мемлекеттік қызметшілердің ҚР Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларын сақтау мәселелері талқыланды.

