Денсаулық

Партиялық жоба аясында медициналық көмек көрсетілді

6 тамыз күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Аудандық орталық аурухана» бастауыш партия ұйымының мүшелері партияның «Ардагерлерді ардақтайық!» акциясы аясында Шалқар қаласының тұрғыны Орынкүл Алдиярованың үйіне барып, медициналық көмек көрсетті.

Үй-үйді аралау негізінде медициналық тексеру және кеңес беру, зейнеткерді кәсіби құрал-жабдық арқылы толық тексеру жүргізілді. Зейнеткердің қан қысымы, қант пен холестерин мөлшері анықталып, көз ішілік қан қысымы өлшенді. Қан анализі алынды.

Өз кезегінде Орынкүл Алдиярова партия мүшелеріне жылы лебізін білдіріп, батасын берді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button