Білім

Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

Шалқар аудандық мәслихатының депутаты, депутаттық фракция жетекшісі Алия Оспанова, аудандық мәслихат депутаты, депутаттық фракция мүшесі Айгүл Шалабаева, «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Айнагүл Жұмағұлова және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қаламыздағы І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Бұл мектептің күрделі жөндеу жұмыстары 2 жылға жоспарланған. Күрделі жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Construktion Group» SAMRUK» ЖШС. Жобаның жалпы құны 478 796 717 теңгені құрап отыр.

Қазіргі таңда мектептің жылу жүйесі, электр тогы,  су,  кәріз жүйесі, есіктері толық ауыстырылған. Мектептің спорт және мәжіліс залының,  кітапханасының төбесі, ғимараттың сырты қапталып, шағын футбол алаңы мен мұз айдыны  салынған.

Мониторинг барысында күрделі жөндеу жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізіледі.

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button