Көліктегі құқық бұзушылыққа жол жоқ

2026 жылғы 10-14 шілде аралығында Шалқар станциясындағы Көліктегі полиция бөлімшесінің қызмет көрсететін аумағында «Көліктегі құқық бұзушылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – теміржол көлігі нысандарында құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
ЖПІШ барысында полиция қызметкерлері қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ жолаушылар мен теміржол көлігі қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Шалқар станциясындағы Көліктегі полиция бөлімшесі азаматтарды заң талаптарын, теміржол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік және жүріп-тұру қағидаларын сақтауға, сондай-ақ құқық бұзушылық фактілері орын алған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.


