Қазақстан мен Өзбекстан сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуді мақұлдады https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-ozbekstan-sauda-ekonomikalik-baylanistardi-keneytud-makuldadi-9a93f1/

БҰХАРА. KAZINFORM – Өзбекстан президенті Бұхарадағы бүгінгі жүздесудің екі ел арасындағы сан қырлы байланыстарды кеңейтуде маңызы зор деп пайымдайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
елі ахуалға қарамастан, еліңіздің экономика көлемі 300 миллиард доллардан асты. Шикізаттық емес сектор жанданып, ішкі жалпы өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлес салмағы 40 пайызға жуықтады. Сіз мемлекетті цифрландыру ісіне ерекше мән бересіз. Биыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияладыңыз. Еліңіздің жаһандық кеңістіктегі абыройы артып келеді. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының мүддесіне негізделген көпвекторлы сыртқы саясат табысты жүзеге асырылып жатыр. Сіз көтерген халықаралық бастамалар кеңінен қолдау тауып отыр. Бұл Сіздің аймақтық және әлемдік проблемаларды шешу ісіндегі көрнекті саяси қайраткер екеніңізді көрсетеді. National Interest басылымына жарияланған мақалаңызды ерекше ықыласпен оқыдым. Қазіргі халықаралық ахуалда прагматизмнің, ашықтықтың және шынайылықтың рөлі артты деген ойыңызбен толық келісемін. Экономикалық жаңғыру мәселесіне терең үңілетініңізді атап өткім келеді. Инвестиция мен орнықты даму реформаларын ұштастыруды жекелеген бастама ретінде қарастырмай, тұтас стратегияға айналдырдыңыз. Мұны ерекше бағалаймын. Біз Сіздің бауырлас халықтар арасындағы тату көршілік қарым-қатынасты, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға қосқан үлесіңізді айрықша қадірлейміз, — деді Өзбекстан президенті.
Кездесуде тараптар экономикалық серіктестікті кеңейту жөніндегі стратегиялық бағытты ұстанатынын растады.
Сауда мен өндіріс салаларында нақты көрсеткіштерге қол жеткізу үшін екі ел үкіметтерінің ықпалдастығын арттыру туралы келісім жасалды. Іскер ортаны жүйелі түрде қолдау мен ынталандырудың маңызы атап өтілді.
Мемлекеттер басшылары сирек кездесетін металдарды өндіру мен өңдеу, көлік-транзит, су-энергетика салалары және ІТ секторындағы ықпалдастық мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.
Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мен туризмді дамыту ісіне айрықша мән берілді.
Келіссөз қорытындысы бойынша президенттер екі ел үкіметтері арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жол картасын қабылдауға уағдаласты.
https://kaz.inform.kz/news/kazakstan-men-ozbekstan-sauda-ekonomikalik-baylanistardi-keneytud-makuldadi-9a93f1/



