Бүгінгі күні «Қамқор Менеджмент» компаниясының бастамасымен ұйымдастырылған «Қамқор PARK» акциясы туралы «Қамқор Локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылжымалы құрама сервистік қызмет көрсету жөніндегі директоры Асан Нүсіпқұлов былай деп әңгімелеп берді:
— 14 тамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының бас директоры Диас Сүлейменов «Қамқор GREEN» — Темір жол кәсіпорындарының экологиялық қайта жаңару бағдарламасының іске асырылуына бастау берді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуі туралы бастамасын қолдау мақсатында әзірленген «Қамқор GREEN» бағдарламасының ауқымды тұсаукесері пресс-конференция аясында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жасыл экономика және «G-Global» дамуы үшін коалициясының қолдауымен, «Қамқор Менеджмент» Қазалы, Сексеуіл, Шалқар, Аягөз, Шу және Қазақстанның басқа шағын қалаларынан арнайы келген өндірістік кәсіпорындары басшыларының қатысуымен өтті.
«Қамқор GREEN» бағдарламасы 10 жылға есептелген және көптеген экологиялық маңызды жобаларды, соның ішінде бүгінгі күні:
«Қамқор» компаниялар тобының өндірістік қуаттылықтарының энергия тиімділігін арттыру» жобасы арқылы жаңартылатын энергия көздерін және баламалы энергетикалық технологияларды пайдалану.
Атмосфераны ластайтын қалдықтарды азайту мақсатында «Жанармай қоймаларының қазандығын модернизациялау — газ жылытуға көшіру және модульді қазандықтарды орнату» жобасы.
«Балама құрылыс материалдары және композиттік полимерлі шпалдар» жобасы.
«Kamkor Bagyt» жобасы — үнемді өндірістік принциптерді енгізу арқылы өндіріс пен тұтыну құрылымының сапалы өзгеруін қамтамасыз ететін «Қамқор» өндірістік жүйесі.
«Қамқор PARK» жобасы — шағын қалалардың тұрғындары үшін салауатты және эстетикалық жағымды табиғи ортаны құру мақсатында жыл сайынғы ағаш отырғызу акцияларын жүзеге асыруды қарастырады.
Диас Сүлейменов журналистер алдында сөйлеген сөзінде Қазақстанда 2019 жыл Жастар жылы деп жарияланды, сол себепті «Қамқор GREEN» бағдарламасының жобаларын әзірлеу және іске асыру «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобының жастар қанатына жүктелгенін атап көрсетті.
12 қыркүйекте «Қамқор PARK» саябағының алғашқы акциясы — Аягөз, Шалқар, Қазалы, Шар шағын қалаларында 2000 ағаш отырғызу және сол күні Холдинг кәсіпорындарының 11000 жұмыскерлері бүкіл Қазақстан бойынша кең ауқымды «Таза Қазақстан!» атты акциясы өткізіліп отыр.
«Жасыл концепциясының» табысқа жету кілті «Жасыл экономика» және «G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ мен «Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.
«Қамқор Менеджмент» компаниялар тобы — бұл Қазақстанның теміржол саласындағы ірі сервистік холдингі болып табылады, елдің әр аймағында 11000 жұмысшылары және 100-ден астам өндірістік бөлімшелері бар, олардың негізгі бөлігі қала құрушы және шағын қалаларда орналасқан.
Материалды әзірлеген Арайлым СЕРІКҚЫЗЫ.