Шалқар аудандық мәслихатының 22 мамыр 2017 жылғы №108 «Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне сәйкес мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу үшін мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне, білім беру кезеңіне бір мүгедек балаға, 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш (2019 жылға 2525 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек беріледі.
Бұл әлеуметтік көмек түрі «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Халыққа қызмет көрсету орталығы»;
2) мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекке өтініш беруші адам, ХҚО-на жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша 1-қосымшаға сәйкес өтінішке қоса:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекен-жай анықтамасы немесе ауыл әкімінің анықтамасы);
3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
4) мүгедектігі туралы анықтама;
5) банк шотының нөмірі туралы анықтама;
5) белгіленген қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасын тапсырады.
Сонымен қатар, өтініш беруші адам жәрдемақы тағайындату үшін электрондық портал арқылы тіркелуге болады.
Бұл жағдайда: 1) өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының электрондық көшірмесі;
3)2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орны анықтамасының электрондық көшірмесі қажет болады.
Жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат алу үшін өтініш берушінің ЭЦҚ-сы мен куәландырылған электрондық құжат нысанына сұрау салынады.
Көрсетілетін қызметтің бұл түрін қазіргі таңда ұсынылып отырған элетронды үкіметтің www.egov.kz порталы арқылы өтінішті ЭЦК (Электронды цифрлы қолтаңба) арқылы алу әр адамға қолайлы.
Себебі, қажетті құжаттар топтамасы яғни өтініште көрсетілетін жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, банктік шоттың нөмірі туралы, мүгедектік туралы құжаттың мәліметтері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынады.
Сондай–ақ, Сіз (ЭЦК) электронды цифрлы қолтаңбаңызды пайдалана отырып, әлеуметтік көмектің көрсетілетін бұл қызмет түріне үйде отырып-ақ қол жеткізе аласыз.
Қазіргі таңда, үйден оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына 2019 жылдың қыркүйек айынан жаңа оқу жыл басына үйден оқытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге байланысты жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленетін әлеуметтік көмекке құжаттар қабылдануда.
Аталған әлеуметтік көмек үйден оқитын мүгедек балалардың ата-аналарының өтініші негізінде тағайындалып, төленді.
Осыған орай, қажетті құжаттар топтамасын қыркүйек айында уақытылы тапсыруларыңыз сұралады.
Марина Тайпақ,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.