Бастау үлкен бизнеске жол ашады

2017 жылдың сәуір айынан бастап «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР ауылдық аудандарында «Бастау-бизнес» жобасын жүзеге асыруда. «Бастау-бизнес» жобасының мақсаты — «2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» «Еңбек» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыру. Бағдарламаның негізгі бағыты — жұмыссыздарды, өзін-өзі қамтамасыз етушілер мен жас кәсіпкерді «Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» болып табылады. Мәселен, 2017 жылы «Бастау-бизнес» жобасын 263 тыңдаушы аяқтады, олардың 68-і өз бизнесін ашты. 2018 жылы «Бастау-бизнес» жобасын 245 тыңдаушы аяқтады, олардың 61-і жеке кәсіпкерліктерін ашты. 2019 жылы да «Бастау- бизнес» жобасын 120 тыңдаушы аяқтап, нақты нәтижелерге
жетуде.

Біз төменде жаңадан кәсіптерін бастағысы келетіндерге дем беру үшін «Бастау-бизнес» жобасының арқасында әр жылдары кәсіп ашып, табыстарға қол жеткізе бастаған талапты жандардың алғыс-тілектерін, жылы лебіздерін жариялап отырмыз.


—Мен, Бисембай Садық, «Бастау-бизнесті» 2018 жылы оқып, өз жобамды қорғап, қысқа мерзім ішінде мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген несие алып, арнайы техникаға (погрузчик) ие болдым. Осы кезге дейін әртүрлі қысқа мерзімді оқулардан өткенмен өз мақсатыма жете алмадым. «Бастау-бизнес» жобасының 20 күнге арналған кәсіпкерлік негіздері модульдерін оқып, кәсіпкерлік сауатымды шыңдадым. Осы оқу кезінде консультацияға тұрақты қатысып, несие алуға қажетті барлық құжаттарымды дайындап үлгердім. Сол себепті тез арада өз мақсатыма жетіп, арнайы техника алдым. Менің айтарым, «Бастау-бизнес» жобасының бизнес-тренері Бақытжан Анапин бизнес-жоспар жасауға көмектесіп, қаржы институтына жобамды тезірек өткізуге ықпал жасады. Себебі, бұл жобаны аяқтаушылар «2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болып табылады және олар осы көмекті 2021 жылға дейін пайдалана алады.

—Біз, Дархан Ахметов және Төреғали Қыстаубаев, осы «Бастау-бизнес» жобасына дейін ауыр жүк таситын «Хова» автокөлігін алып, жүк тасумен айналыса бастадық, бірақ көп кедергілерге кезіктік. 2018 жылы аталған жобаға келіп, бизнес-тренер Бақытжан Анапиннан тәлім-тәрбие алдық. Кәсіпкерлік ашу қажеттігін түсініп, оқуды аяқтап, сертификатымызды алғаннан кейін жеке кәсіпкерлік аштық. «Атамекен» ҰКП-на, «Бастау-бизнес» жобасына алғысымыз шексіз. Қазір кәсіпкерлігіміз алға жылжуда. Болашақта шаруа қожалығын, шикізаттар (құм, тас, қайыр) қоймасын ашу ойымызда бар.
—Мен, Жұлдыз Нұрадинова, биылғы жылы «Бастау-бизнес» жобасы 2-тобының түлегімін, жалғыз басты анамын. Осы күнге дейін өз кәсібімді қалай бастаймын деп мекеме аралап жүргенімде «Атамекен» ҰКП жанындағы «Бастау-бизнес» жобасына кезігіп, кәсіпкерлік негіздеріне оқып шықтым. Өзімнің бизнес-жобам бар, жеке кәсіпкерлігімді ашып, құс өсіргелі отырмын. Менің қиын жағдайға тап болған азаматтарға айтарым, сылтау, көмек іздемей, кәсіпті бастап кететін құрал ізде. Мен өз тәлімгерлерімді «Атамекен» ҰКП жанынан ашылған«Бастау- бизнес» жобасында таптым. Бизнес-тренер Бақытжан Анапин біздің өз бизнес-идеямызға сенімділігімізді арттырды, енді мемлекеттік қолдауды пайдаланып, грант алғалы отырмын. Өзімнің кәсіпкерлік болашағыма сенімдімін. Себебі, барлық қаржылай және қаржылай емес көмек «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында шоғырландырылған.
—Мен, Гүлмира Үсенова, «Бастау-бизнеске» қатысып, өз бизнес-жобамды қорғап шықтым. Қазір мемлекеттік қолдау алу үшін конкурсқа қатысқалы отырмын. Мен «Бастау-бизнес» жобасының кәсіпкерлікті ашып, жүргізу үшін ең қолайлы оқу жобасы екеніне көзім жетті. Және осы күні кәсіп ашқысы келетін барлық жұмыссыздарды, жастарды, аз қамтылғандарды осы жобаға қатысып, мемлекеттік қолдауды пайдаланып, өз кәсіптерін ашуға шақырамын. «Бастау-бизнес» жобасы кәсіпкерлік ашуға байланысты барлық сала мамандарымен кездесу өткізеді. Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарымен салық режимдерін таңдау, салық есептілігін жүргізу, ККМ пайдалану бойынша шеберлік-сабақтарды, сәулет, жер бөлімдері, БТИ, СЭС мамандары бизнесіңізді ашудың барлық жолдарымен таныстырып, болашақта да тұрақты көмек көрсетуге дайын. Сондықтан мен сіздерді өз кәсіптеріңізді ашып, бай-қуатты болуға шақырамын.
—Мен, Жаналтын Мамбеталина, 2017 жылы ҰКП жанынан ашылған «Бастау-бизнес» жобасына оқуға келдім. Арманым — бір ірі сауда орнын ашып, халыққа қызмет көрсету. Бастау жобасының тренингтері мендегі кәсіпкерлік қабілеттерімді оятып, қорқынышты жеңіп, сол жылы «АШҚҚ» Ақтөбе филиалынан «2017-2021 жылдары «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген несие алып, ең көп шоғырланған вокзал маңы алаңынан «Аружан» сауда үйін аштым. Қазір 15 адамды тұрақты бизнес-орынмен қамтамасыз етіп отырмын. Ойланып жүргенімде менің идеямды қолдап, қорқынышты жеңуге көмектесіп, осы бизнесімді аяғына тұрғызуға ықпал еткен бизнес-тренер Бақытжан Анапинге алғысым шексіз. Өзі бизнестің қыр-сырын білетін, кәсіпкерлік білім деңгейі жоғары және кез келген уақытта осы бизнесті ашу-ашпау жөнінде сенімімді молайтып, кәсіпкерлік қасиеттерімді ашып берді. «Бастау-бизнес» жобасының жұмыссыз жүрген азаматтарға, жастарға, мүгедектерге, аз қамтылғандарға беретін мүмкіншіліктері өте зор. Әр адам сылтау іздемей уақытылы келіп тұрған мүмкіншілікті пайдаланса ғана нәтижеге жетеді.
— Мен, Шымберген Нұртигенов, 2017 жылы «Бастау-бизнесті» оқып, өз жобамды қорғап, Бозой-Шалқар бағытында жолаушылар тасымалымен айналысу үшін «Уаз» автокөлігін сатып алып, өз кәсібімді аштым. «Бастау-бизнес» жобасына оқығаннан кейін кәсіпкерлік сауатымды шыңдап, кәсіпкерлік шеберлігімді дамыттым. Біріншіден, жолаушылар тасымалы маршруттарын кеңейттім. Екінші, «Кәусар» азық-түлік дүкенін аштым. Халықты таза сүт өнімдерімен (қымыз, шұбат, айран) қамтамасыз етіп келемін. «Атамекен» ҰК Палатасымен байланысым нығаюда. «Бастау-бизнес» жобасы Сізге кәсіпкерлікке жол ашса, сол кәсіпкерлерге «Атамекен» ҰКП қаржылай да қаржылай емес та толық көмек көрсетуде. Салық есептілігін тапсыруда, басқа да кәсіпкерлікке байланысты қаржылай емес көмек алып тұрамын. Мені кәсіпкерлік жолға баулыған «Атамекен» ҰКП, бизнес-тренер Бақытжан Анапинге алғысымды білдіремін. Алда Бозой-Шалқар, Астана-Ақтау жолдары салынғалы тұр. Болашаққа жоспарым зор. «Атамекен» ҰКП, «Бастау-бизнес» жобасының командасымен кәсібімді жоғары деңгейге жеткізеріме сенімдімін. Себебі, бағдарлама 2021 жылға дейін арналған. Жастарды, жұмыссыздарды, мүгедек жандарды арнайы ашылған «Бастау-бизнес» жобасының мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын.