МЕРЕКЕЛЕРІН ФУТБОЛ ОЙЫНЫМЕН ӘРЛЕДІ

Спортшылардың кәсіби мерекесі Газшылар қалашығындағы «Алау» стадионында жоғары деңгейде атап өтілді.
Мерекемен тұспа-тұс келген бір айдан астам уақыт бойы өткізілген футболдан Шалқар ауданының лигасы да өз мәресіне жетті. Асығы алшысынан түскен «Азамат» командасы чемпион атанды. Чемпиондарға қарсылас болған «Қауылжыр» командасына күміс жүлде бұйырды.
Лиганың бірінші күнгі ашылуын жеңіспен бастаған «Алау» командасы үздік үштіктің қатарына кірді. «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» номинацияларымен үш команданың белсенді ойыншылары марапатталды.
Спорт күніне орай спортта жетістікке жетіп жүрген және спортқа жанашырлық танытып, демеуші болып жүрген спорт ардагерлеріміз аудан әкімі Бауыржан Қанивтің және аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сұлтан Жұмановтың Алғыс хаттарымен марапатталды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жоспарға сәйкес өткізіле бермек.

Нұржан ШОЙҒАРИН,
аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.