Шахмат — ойдың ұшқырлығын, мидың жүйріктігін көрсететін ойын. «Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалының «Ұлы Борсық» бастауыш партия ұйымы ұйымдастыруымен шахматтан аудандық турнир өтті. Оған партия мүшелерімен қатар, аудан спортшылары және тұрғындар қатысты.
Спортшылар ерлер және әйелдер болып екі топқа бөлініп жарысты. Тартысты өткен сайыста ерлер арасында 1 орынды – Қадыр Құлетов, 2 орынды – Естай Оспан, 3 орынды – Нұрсұлтан Бұхарбаев және әйелдер арасынан 1 орынды – Динара Жандосова, 2 орынды – Гүлзат Жұмағұлова, 3 орынды – Динара Саховалар иеленді. Олар «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы Б.Қаниевтың мадақтамасы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Осы турнирге барлығы 50 спортшы қатысты.
«Nur Otan» партиясы Шалқар аудандық филиалы.