ОҚУШЫЛАР ТАБИҒАТ АЯСЫНДА ДЕМАЛДЫ

Ауданымызда мектеп оқушыларын жасыл желекке көмкерілген жаз мезгілінде бір сәт туған жердің табиғаты аясында болып, бір-бірімен достық қарым-қатынасын тереңдетуге ықпал ету, өнер мен спортқа баулу, табиғатты аялауға үйрету мақсатында ауданның білім бөлімінің жоспарына сәйкес №2 мектеп-гимназиясының және аудандық Оқушылар сарайы туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Шатырлы лагерь» шарасы ұйымдастырылып келеді. Дәстүрлі бұл шара биыл да жалғасын тауып, 12 маусым күні басталды. «Шаттығы мол шатырлы лагерь — 2019» атты шараға 10 мектептен  оқушылар қатысып, үш күнін табиғат аясында өткізді. Ашылу рәсімінде оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Өз кезегінде ұйымдастырушылар мақсаты мен бағдарламасын таныстырды.

Әрбір мектептен келген командалар шатыр тігіп, дала жағдайында тамақ дайындап, спорттық, ұлттық, туристік ойындар өткізді. Бір-бірімен жарысқа түсті. Әсем ән салып, би биледі. Қызықты да тартымды шараларға қатысқан оқушылар табиғат аясындағы демалысын көңілді өткізіп, қуанышқа бөленді.

Лагерьдің жабылуы күніне арнап  салтанатты жиын ұйымдастырылды. Әртүрлі сайыстардан жүлделі орындарға ие болған оқушылар ауданның білім бөлімінің дипломдары, сонымен қатар осы үш күн бойы өте жақсы қатысқан оқушылар да мақтау қағаздарымен марапатталды. Марапаттау соңы балаларға тәттілер таратумен аяқталды. Демалысты ойдағыдай өткізген жеткіншектер алғыстарын жаудырып жатты. Қызыққа толы лагеріміз қимас сезіммен аяқталды.

                                                                                                                                                       Ақбота МАНАСБАЕВА,

аудандық Оқушылар сарайы туризм және өлкетану үйірмесінің жетекшісі.