Әлеумет

Тұрғындарға қабылдау өткізді

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Алия Бурамбаева тұрғындарға қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар зейнеткерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызметі және Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге берілетін жәрдемақы мәселелерін айтты.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Бурамбаева қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтінішіне толыққанды жауап беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді.

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Басқа материалдар

Back to top button