Құрылыс саласында жұмыстар қарқынды жүруде
Шалқар ауданында құрылыс саласындағы қарқынды жұмыстар тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға және өңірдің экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал етуде. Өткен жылы 58 пәтердің кілті табысталып, көптеген отбасы баспаналы болу бақытына ие болды. Бұл – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған мемлекеттің қолдауы мен ауданда жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесі.
Мемлекет басшысы тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін басты міндеттердің бірі ретінде белгілеп, аймақтардағы құрылыс қарқынын арттыруды тапсырғаны белгілі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстар ауданымызда да нәтижесін беріп келеді. Алдағы уақытта бұл бағытта жұмыстар қарқынды жүргізіліп, нәтижесі қазіргіден де арта түседі деп сенеміз.
Халықты баспанамен қамтамасыз ету – тек әлеуметтік мәселе ғана емес, экономикалық дамудың да маңызды тетігі. Құрылыс саласындағы бұл жетістіктер ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа белестерге жол ашып, тұрғындардың әл-ауқатын арттыра түсетіні сөзсіз.
Жайлыбай АИМБЕТОВ,
аудандық мәслихат депутаты.