Әкімдік

Жаңа жылда жаңа пәтерге ие болдым

Жаңа жыл қарсаңында жаңа пәтерге ие болу – өмірімдегі ең қуанышты сәттердің бірі. Бұл ерекше сый тек мен үшін ғана емес, отбасым үшін де үлкен бақыт. Жаңа пәтердің кілтін қолыма алған сәтте, ауданымыздың дамып, халықтың әлеуметтік жағдайына айрықша көңіл бөлініп жатқанына көзім жетті.

Биыл біздің ауданымызда 58 отбасы жаңа жылды жаңа баспанада қарсы алып отыр. Бұл – тек үй емес, жаңа бастама, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі. Мемлекетіміздің тұрғындарды қолдау бағытындағы нақты қадамдары осындай қуаныштарды сыйлап отыр.

Барша тұрғындардың атынан аудан басшылығына, құрылысшыларға және осы игі істің басы-қасында болған барша жанға алғысымды білдіремін. Жаңа жыл жаңа жетістіктер мен бақытты күндер сыйласын!

Зинеш  ОТАРАЛИНА, Шалқар қаласының тұрғыны.

Басқа материалдар

Back to top button