МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Аудандық соттың бастамасымен Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарындағы тапсырмаларын орындауға, сонымен қатар сот төрелігінің жеті түйінінде атап көрсетілген «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасын жүзеге асыру барысында І.Үргенішбаев атындағы және №8 орта мектептерінде медиация кабинеттері ашылды.

Ашылу рәсімінде аудандық соттың судьясы С.Дәріқұлова, кеңсе меңгерушісі Н.Ерниязова, қала әкімінің орынбасары С.Құлбергенов, кәсіби емес медиаторлар Қ.Серікбаев, Е.Әбдікәрім және жоғарыда аталған мектептердің мұғалімдері, оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Медиацияны танымал етудің маңыздылығын көрсете келе, судья мектепте медиация кабинеттерін ашу маңыздылығына мән беріп, мектептердегі дау-жанжалды азайту және сотқа жеткізбей шешу сияқты артықшылықтарын атап өтті. Судья С.Дәріқұлова медиация кабинеті мектептің оқу бағдарламасына да көмекші рөлге ие болатынына, жанжалды азайтуға мүмкіндік беретінін алға тартып, мектеп әкімшіліктеріне ынтымақтастықтары үшін алғысын білдірді. Медиация кабинеті осы мектептердің оқушылары үшін ғана емес, сонымен қатар жақын маңдағы тұрғындар үшін де медиация келісімін жасауға ыңғайлы екендігі айтылды.

Айдана Айтқали,  аудандық соттың жетекші маманы.