12 мамыр – Халықаралық медбикелер күніне орай Шалқар аудандық ауруханасында салтанатты жиын өтті. Аталған шараға «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанкелді Былқайыр денсаулық сақтау саласының өкілдері қатысты.
Алғы сөзді сөйлеген партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев медбикелерді төл мерекесімен құттықтап, ауданның денсаулық сақтау саласының өркендеуіне медбикелердің қосқан үлесін айтты.
Аудандық мәслихат депутаты, Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанкелді Былқайыр: «Қазіргі таңда емдеу мекемелерінің материалдық – техникалық жағдайы нығайып, жаңа заманға лайықты құрал-жабдықтармен жарақталып жатыр. Науқастарды емдеудің озық тәсілі қолданылуда. Осы әдістерді игеруде медбикелердің үлесі зор» деді.
Шара кезінде медицина саласында еңбек ететін бірқатар партия мүшелеріне «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысының Алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.