«Толағай» отбасылық сайысы

Ағымдағы жылдың 17 мамыр күні І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі ғимаратында «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген сайысқа аталған мектептің оқушылары мен ата-аналары қатысты.

Барлығы 5 кезеңнен тұратын сайысқа «Жігер», «Заңғар», «Альпинист», «Бірлік» командалары қатысып, өзара бақ сынасты. Тартысты өткен жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Жігер» командасы жеңіп алды, ІІ орынды «Алпинист» командасы, ІІІ орынды «Заңғар» және «Бірлік» командалары иеленді.

Шара соңында «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының консультанты Нұрболат Мұрсалов сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырған І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне Алғыс хат табыстап, жеңімпаздарды Диплом және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.