ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан Жастар жылын қолдап,  ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ауданның №1 Аула клубының ұйымдастыруымен 2003-2004, 2005-2006, 2007-2009, 2010-2011 жылдары туылған жасөспірімдер арасында қазақ күресінен өткен ашық біріншілік осының бір парасы.

Мақсаты — жасөспірімдерді салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу, балуандардың шеберлігін шыңдау. Жарыстың ашылу салтанатында №1 Аула клубы директорының орынбасары Жеңіс Бошымова және аталған мекеменің әдіскері Берден Ахметов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа Жем қаласынан 14, Бозой елді мекенінен 11, №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 20, №1 Аула клубынан 31 оқушы қатысты. Жарыста әр оқушы салмақ дәрежелері бойынша белдесті. (2010-2011 жылы туылған жасөспірімдер) 23 келі салмақ дәрежесінде І орынға Нұрдәулет Сағынаев (№1 Аула клубы командасы). (2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер) 26 келі салмақ дәрежесінде І орынға  Рустам Әлиев (Мұғалжар ауданы Жем қалалық №3 Аула клубы командасы), 29 келі салмақ дәрежесінде І орынға Жангелді Қуатжанов (Бозой ауылдық округі №1 Аула клубы филиалының командасы), 32 келі салмақ дәрежесінде І орынға Дамир Жұмабаев (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы), 35 келі салмақ дәрежесінде І орынға Нұрдәулет Нұрболат (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы), 38 келі салмақ дәрежесінде І орынға Есенгелді Әміржан (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы), 42  келі салмақ дәрежесінде І орынға  Ислам Жұмажан (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы) +42 келі салмақ дәрежесінде I орынға Мейірхан Елубаев (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы).

(2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер) 38 келі салмақ дәрежесінде І орынға Асылбек Мизамбаев (Мұғалжар ауданы Жем қалалық №3 Аула клубының командасы). 42 келі салмақ дәрежесінде І орынға Мейрамбек Мырзатай (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы). 50 келі салмақ дәрежесінде І орынға Амир Жалғасбай (№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің командасы). +55 кг салмақ дәрежесінде І орынға Диар Бақбергенов (Бозой ауылдық округі №1 Аула клубының командасы. (2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер) 55 келі салмақ дәрежесінде І орынға Мәди Жағыпаров (№1 Аула клубының командасы) ие болды және «Үздік техникасы үшін» 32 келі салмақ дәрежесінде Саят Өтешов (№1 Аула клубының командасы) «Жеңіске деген жігері үшін» 32 келі салмақ дәрежесінде Марс Тажиденов (Мұғалжар ауданы Жем қалалық №3 Аула клубының командасы) және «Ең жас палуан» 23 келі  салмақ дәрежесінде Ұлан Оразалы (Мұғалжар ауданы Жем қаласы №3 Аула клубының командасы) номинациялары бойынша марапатталды.

А.Бердалин, №1 Аула клубы дене тәрбиесінің нұсқаушысы.