Партияның аудандық филиалында саяси кеңес бюросының отырысы өткізілді

29 наурыз күні «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өткізілді. Жиналысты партияның аудандық филиалының атқарушы хатшысы Жарылғасын Шамбалаев ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды.

Жиында Шалқар аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясын құру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, Шалқар аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы жетекшісінің кандидатурасы, Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы лауазымына кандидатурасы және Шалқар аудандық мәслихатындағы тұрақты комиссиялар төрағалығына кандидатуралар ұсынылды.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.

Posted Under
Санатталмаған