Шалқар станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Е.Кулманов теміржол вокзалы жұмысшы-қызметкерлері және жеке кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, Шалқар станциясының перрон және вокзал маңында орналасқан сауда нүктелерінің иелеріне профилактикалық сұхбат жүргізді.
Бұл шараның мақсаты — қоғамдық орындарда әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, болдыртпау, жолын кесу болып табылады. Бұдан басқа жеке кәсіпкерлерге ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңмен бекітілген жергілікті уақытпен сағат 22:00-07:00 аралығында алкогольдік өнімдерді сатпау жөнінде ескертілді.
Е.КУЛМАНОВ, Шалқар ст.ЖПБ бастығы, полиция капитаны.