Қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы Аманкелді Қалыбаев №547 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
—Мен бүгін тарихи сәтте азаматтық ұстанымымды білдіру мақсатында дауыс бердім. Үлкен өзгерістер алдында тұрған мемлекетіміз үшін референдумның маңызы зор деп есептеймін.
Еліміз өркендей берсін. Жұртымыз аман, тәуелсіздігіміз баянды, келешегіміз кемел болсын, — деді Аманкелді Інжілісұлы.
М.ДӘНЕКЕРОВ.