№494 референдум учаскесінде бүгін жұмыс ертемен қызды. Өз таңдауын білдіруге асыққан жұртшылықтың жүзінен ертеңгі күннен үлкен үміт күтіп түрғаны байқалады. Ортақ іске жауаптылықпен қарап, осы учаскеге ерте келіп, таңдауын білдіргендердің бірі аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Гүлайым Құралқызы.
—Мемлекет басшысының әрбір бастамасы мен үшін де маңызды. Себебі мақсатымыз айқын—Жаңа Қазақстанның іргесін бірге қалыптастыру. Елдің кемел болашағы үшін бүгін дұрыс таңдау жасадым деп ойлаймын. Алда да өзіме жүктелер міндеттерді асқан жауапкершілікпен атқаруға әзірмін,—дейді ол.
М. КӘДІРБЕРДІҰЛЫ.