АНАЛАР ЖАҢАРУДЫ   ҚАЛАЙДЫ

Аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Маржанкүл Бекетова бүгін өзіне белгіленген референдум учаскесіне  келіп таңдауын жасап, бізге пікірін білдірді.

—Бүгін еліміз үшін саяси маңызды қадам. Оны көзі қарақты әрбір азамат жақсы біледі. Осы күннің маңыздылығын түсіндіріп, насихат жүргізген аудандық референдум штабы біздің Аналар кеңесі мүшелерімен де кездесті, біздің кеңесте де осы тарихи күннің мән-мақсатын талқылаған ұжымдық отырыстар болды. Аналар жүрегі —амандықты, бірлікті, бейбітшілікті тілейді. Бүгінгі берген дауысымыздың астарында осы қағидаларды нықтауға негізделген қадамдар тұр деп ойлаймын. Таңдауымыз сәтті болсын, жаңа бағытты аңсаған мемлекетіміздің айы оңынан тусын,—дейді кеңес төрайымы.

М.БОҚАН.

Posted Under
Санатталмаған