Ағымдағы жылдың 07 сәуір күні Бершүгір ауылдық округі бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Кездесуге Шалқар аудандық мәслихатының хатшысы Сқақ Бигеев, депутаттық фракция мүшелері Жарылғасын Шамбалаев, Асылбек Тілеужанов, Шалқар аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасова, Шалқар аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Еркебұлан Бүркітов қатысты.
Алғы сөзді сөйлеген Сқақ Бигеев Президент Жолдауының басым бағыттарына тоқталды:
– Президентіміз өз Жолдауында саяси жаңғырған жаңа Қазақстанды дамытуда өте үлкен мәселелерді шешуді міндет етіп қойды. Еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасы ұсынылды және бұл құжат ең алдымен қоғамның қажеттілігіне, сұранысына негізделген. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтылық пен келісімді сақтап және ортақ диалог құра отырып, экономика мен әлеуметтік жағдайды көтеру үшін әкімшілік-аумақтық бөліністі қайта қарау өзектілігін айтты.
Содан кейін сөз алған «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, фракция мүшесі Жарылғасын Шамбалаев, партиялық жобаларға тоқталып, партия мүшелерінен түскен жарналардың 20 пайызын бастауыш партия ұйымына қайтару механизімін түсіндірді.
Жиын соңында, бастауыш партия ұйымының мүшелері өздерін толғандырған сұрақтардың жауабын алды.
«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.