Автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында аудан аумағында осы жылдың 21 ақпаны мен 2 наурыз күндері аралығында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Шалқар ауданы ПБ заңсыз қайта жабдықталған автобустарды, сондай-ақ техникалық жағдайы мен құрылыс жол жүрісі қауіпсіздігінің белгіленген талаптарына сай келмейтін автобустар мен таксилерді пайдалануын тексеріп, тыйым салуға шаралар қабылдайды.
Шалқар ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімшесі.