2022 жыл «Балалар» жылына орай, облысымыздағы жастар мен жасөспірімдер арасында қайырымдылыққа тарту мақсатында «Біз біргеміз» атты волонтерлер арасында кең ауқымды облыстық сайысының ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ереже

1.1 Аталган ереже «Балалар» жылына орай, облыстық сайысын ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысы шығаруды (ары қарай-Сайыс)                                                                                                                      1.2 .Байқаудың ұйымдастырушысы: Ақтөбе облысы басқармасы,  саясат басқармасы, Ақтөбе қаласының облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ-гі

                                                2.Байқаудың мақсаттары                                                                                  

2.1 Еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығының нышаны ретінде әрбір азаматын игі істерді жасауға шықыру;                  2.2 Адамдарды бір-біріне көмек  көрсетіп, мейірімді болуға үндеу;                                                              2.3 Ұлттық құндылықтар мен өмірлік адамгершілік – эстетикалық қағидаларын қалыптастыру;         2.4 Жастар мен жасөспірімдер арасында бірлесіп жұмыс жасау және оны одан әрі дамыту;                   2.5 Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау өз жұмыстары арқылы эстетикалық талғамдарын көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашуға көмек беру және оны одан әрі дамыту;                                                  2.6 Өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;                  2.7 Әртістік қабілеті бар балаларды анықтау және оларға қолдау жасау, өз таланттарын көрсетуге мүмкіндік беру болып табылады;          

3.Өткізу уақыты              

 «Біз біргеміз» атты облыстық байқау 2022 жылдың 10-қаңтарынан бастап 25-ақпан күндері аралығында болып өтеді.(11.01.2022-25.02.2022)

                    4.Акцияның ұйымдастырылуы мен өткізілу шарттары:    

4.1 Игілікті істерді видеога түсіріп, «Біз біргеміз» атты облыстық байқау аясында әзірленгендігін көрсету керек;                                  4.2 Акция аясында өзіңіз немесе өзге де адамдардың жасаған игілікті, қайырымды істері жайлы мақала дайындауға болады;                                                                                                                                                      4.3 Барлық жасалған игілікті істер арнайы әзірленген әлеуметтік сайттар менпарақшаларға салу қажет;   4.4 Акцияға түскен өтініштер әділқазылар алқасымен қарастырылады.           4.5  Сайысқа қатысушылар видео ролигі 2 минуттан аспауы қажет.                               4.6 Акцияға жолданған ведио ролик «Біз біргеміз» мазмұнда болу керек;                                                 4.7 Ведио роликте және фотолар мазмұнға сай келуі қажет.                             4.8 Байқау кезеңінде барлық жиналған жұмыстарды партфоли жасап, Ақтөбе қаласы Заречный №1, орталық көшесі 8/1 ұйымдастырушыларға алып келіп тапсыр қажет.                                                      4.9 Байқау кезеңінде мекемеден тыс шаралар жасалуы кезінде,жұмыстарды облыстық республикалық, облыстық БАҚ, әр жаслған жұмыстың ауқымдылығына қарай және сапасына мән беру арқылы әлеуметтік желіге салар кезде @amido aktobe отыру қажет.

                        5.»Біз біргеміз» акциясы аясында жасауға болатын игі істер:       

Ата-анаға, қарттарға құрмет көрсету; Туған тусқан адамдарға көмек көрсету; Жетімдерді жебеу; Ауру, сырқау адамдарға қолдау көрсету;  Жағдайы төмен, көпбалалы отбасыларға көмек қолын беру; Қарындары аш адамдарды тамақтандыру: Жастарды отансүйгіштікке, патриоттыққа, имандылыққа тәрбиелей отырып, жан-жақты демеу; Ісіне адал болып, елдің дамуына өзіндік үлес қосу; Шегі жоқ қайырымды да ізгі, пайдалы игі істердің барлығын жасау.

                           6.Қазылар алқасының бағалау критерийлері:           

  6.1 Жасалынған игілікті істің сапасына, пайдасы мен құндылықтарын ескеру;    6.2 Игілікті, қайырымды және сауапты істің халықтың бүгіні мен ұлт болашағының дамуына берер пайдасына мән беру.

                                          7. Қорытындылар  марапаттау.                 

 7.1 . Байқау қорытындысы бойынша жүлделі  орындары мен номинациялар анықталып, 2022 жылдың 1-наурыз «Алғыс айту»  күніне орай марапатталады;    7.2.Жеңіпаздар грамоталармен жане бағалы сйылықтармен марапатгалып, үздік қатысушылар мен облыстық алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

                                                           10.Байланыс      

 Ақтөбе облыстық жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы Тел :8778-644-14-14