БАТЫРЛЫҚ ПЕН ЕРЛІКТІҢ МЕРЕКЕСІ
Құрметті шалқарлықтар!
Қаһармандық дәстүрдің жарасымды жалғасы іспетті 7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесі құтты болсын!
Бұл мереке — Отанға адалдықпен берілуді ерен ерлігімен, адал ісімен дәлелдеген нағыз ерлердің мерекесі. Қарулы күштеріміздің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың және болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы болып есептелетін бұл күн мемлекетіміздің болашағы үшін маңыздылығы жоғары болып саналады. Себебі әрбір қазақстандықтың ұлы да құрметті міндеті — Отан қорғау. Отан қорғаушы бейнесі әрбір жас буын үшін ерлік пен патриоттықтың, батырлық пен табандылықтың, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны.
Халқымызда «Ер — елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ер-жүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз. Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қор-ғап, айтулы үлес қосқанын біз әрқашан да мақтан тұтамыз.
Бүгінде Отан қорғаушылар күні өз Отанын қадірлеп, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие барлық ерлердің ортақ мерекесіне айналды.
Құрметті шалқарлықтар!
Баршаңызды батырлық пен ерліктің мерекесі — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтай отырып, шаңырақтарыңызға қуаныш, құт-береке, еліміздің дамуы жолындағы еңбектеріңізге табыстар тілеймін. Туған еліміздің іргесі бүтін, Тәуелсіздіктің көк байрағы биік, мәртебеміз жоғары, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Шалқар ауданының әкімі
Бауыржан Қаниев.