Көпке көмегі көп ілкімді жұмыстар

Шалқар ауданы көлемінде Шалқар-Жем, Шалқар-Ырғыз, Шалқар-Бозой, Ақтөбе-Ырғыз тас жолының қиылысында, Бершүгір, Бозой, Кішіқұм ауылдық округтерінде жалпы саны 7 блок-бекет орнатылды. Олардың әрқайсысында полиция қызметкері, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, сондай-ақ, дезинфекциялық жұмыстар жүргізетін ветеринариялық станциясының қызметкерлері бар. Жалпы блок-бекет жұмысына 70 адам тартылған.
Сонымен қатар, аудан көлемінде Ұлттық сараптама орталығының аудандық бөлімшесі және «Шалқар-Тазалық» ЖШС тарапынан 109 нысанға дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізілді.
Баға тұрақтылығын бақылау бойынша аудан көлемінде 3 топ құрылды. Топ құрамында аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, аудандық прокуратура, полиция бөлімінің өкілдері, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының өкілдері, ардагерлер бар. Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша 4 отырыс өтті. Сондай-ақ, аталған топпен 11 нысан араланды.
Аудан тұрғындарымен карантиндік режимді, тұрғын үй заңнамасын сақтау бойынша аудан көлемінде карантиндік режимді түсіндіру мақсатында құрылған арнайы топ мүшелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудандық пошта көмегімен тұрғындарға газет арқылы, сондай-ақ каратиндік режімнің сақталуын қадағалау мақсатында құрылған қоғамдық бақылау тобы және волонтерлердің көмегімен 1800 ақпараттық парақшаларды тарату ұйымдастырылды. 800-ге жуық ақпараттар әлеуметтік желілер арқылы және 54 мақала баспасөз құралдарында жарияланды. Ауыл ақсақалдары, беделді азаматтар баспасөзде және әлеуметтік желілерде сұхбаттар беріп, медицина мамандарының талабын қатаң сақтауға шақыруда. Сонымен қатар аудан тұрғындарына карантиндік режимді сақтау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының инфекцияның таралуының алдын алуға арналған Үндеуі дыбыс күшейткіштер арқылы көшелерде, адамдар көп жиналатын орындарда хабарланды.
Төтенше жағдай кезінде (shalkar_akimat) инстаграм әлеуметтік желісі арқылы аталған кезеңде 76 тікелей эфир ұйымдастырылды. Оған аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме, қоғамдық ұйымдардың басшылары, сондай-ақ ақсақалдар мен мәслихат депутаттары қатысты. Тікелей эфир барысында 9231 аудан тұрғыны қатысып, 2122 сұрақ қойылды. Сұрақтарға тиісінше жауаптар берілді.
Санитарлық-эпидемиологиялық тазалау жұмыстарын қоғамдық бақылау тобы (2 топ) құрылды. Топ мүшелері аудан көлемінде санитарлық-эпидемиологиялық тазалау жұмыстарына бақылау жүргізді. Аталған топпен 1268 нысан араланып, 225 ескерту (5 әкімшілік іс) берілді.
Тұрғындар тарапынан түсетін сауалдар бойынша Call-орталық (8 (71335) 21-1-38, 8-701-463-4860) іске қосылды. Тұрғындар тарапынан оған барлығы 204 сауал түсті. Сауалдарға тиісті бөлімдер жауап берді.
Аудан әкімдігінің тапсырмасы бойынша «Nur Otan» партиясы аудандық филиалымен бірлесіп қала, ауылдық округтердегі аз қамтылған отбасыларына вирустың алдын алу мақсатында жалпы тұрғынға 26912 бетперде таратылып, оның ішінде әлеуметтік осал топтағы тұрғындарға 11000 бетперде берілді. Демеушілікпен 12416 780 теңге жинақталып, 1880 отбасына қайырымдылық көрсетілді.
Ауданымыздағы ЖК «Ақжанов С» блок-бекетте тұрған қызметкерлерге көмек ретінде бір жинақтағы арнайы киімдер, гигиеналық құралдар, бетперделер және антисептік заттарымен қамтамасыз етті. Кішіқұм ауылдық округі әкімшілігінің ұйымдастыруымен аз қамтылған 100 адамға 2 түйе сойылып, еті таратылды.
«Шалқар еріктілері», «Шапағат» және аудандық аурухананың медицина қызметкерлерінен құрылған «Саулық» волонтерлік топтары коронавирус инфекциясын алдын алу мақсатында қала тұрғындарына волонтер командасының мүшелерінің өз қолдарынан жасалған бетперделер таратылды. Сонымен қатар «Аялы алақан», «Ақ Жүрек» «Шапағат», «Жаңа толқын», «Қарекет», «Жастар» волонтерлік топтары қажетті азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды және қала тұрғындарына, Жангелдин, Газшылар қалашықтарына және қоғамдық жерлерде тегін бетперде таратты. Сонымен қатар аудан әкімі Бауыржан Қаниевтің қолдауымен «BizBirgemiz» республикалық акциясы ұйымдастырылып, аз қамтылған 10 отбасына бірінші кезекте қажет ететін тауарлар және антисептикалық құралдар табысталды. Аудан аумағындағы блок-бекеттердегі қызметкерлерді қолдау мақсатында акция өткізілді.
«Біз Біргеміз» республикалық акциясы аясында «AK-NIET» еріктілер тобының бастамасымен және бірқатар мектеп жастарының қолдауымен әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған және көп балалы отбасыларына азық-түлік және дезинфекциялық құралдары таратылып, көмек көрсетілді. Ата-аналар мектеп әкімшілігіне және жанашыр жастарға алғыстарын айтуда. «Асыл жүрек» волонтерлық тобының белсенділері ауданымыздағы түрлі санаттағы отбасыларға өз көмектерін көрсетті. «Раушан» сауда үйінде орналасқан кәсіпкерлер, волонтерлармен бірігіп елімізде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты отбасыларға өз көмектерін көрсетті. Сонымен қатар акция аясында ШЧ-3 мекемесінің жастары түрлі санаттағы отбасыларына өз көмектерін көрсетті. «ЖАСSTAR» волонтерлар тобының белсенділері ауданымыздағы түрлі санаттағы отбасыларға өз көмектерін көрсетті. «Қамқор Локомотив» ЖШС Ақтөбе локомотив жөндеу депосының филиалы Шалқар сервис орталығының Қамқор локомотив волонтерлық тобының белсенділері халық көп шоғырлан-ған жерлерде бетперделер таратты.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, Кішіқұм ауылдық округінің шаруа қожалықтарының қолдауымен қайырылымдылық акциясы ұйымдастырылып, волонтерлар ауданымыздағы аз қамтылған отбасыларға ет таратуға өз үлестерін қосты.