АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛУДЕ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайда халықты әлеуметтік қолдау шаралары маңызды. Қоғамда ерекше талқыланып жатқан 42500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемге бүгінгі таңға «Азаматтарға арналған үкімет» МК ҰАО Ақтөбе облысының филиалының мәліметінде Шалқар ауданы бойынша «42500 теңге әлеуметтік төлемін алуға» өтініш берушілер саны 9469 адамды құрады, оның ішінде:

  • тіркелген өтініштер саны — 5863 адам.
  • төлемақы тағайындалып, төленгендер саны — 4947 адам. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен (ЕРДО) автоматты түрде қайтарылған өтініштер саны — 3606 адам. Төлемді шынайы мұқтаж, табыстарынан айырылған адамдарға төлеу үшін түсіп жатқан өтініштер тиісті тексерістерден өтеді. Өтініш бергендердің арасында:
  • жұмыс істеп, тұрақты жалақы алып жүрген адамдар көп, олардың көбі «керек болып қалар», — деп қосымша жалған жеке кәсіпкерлікті ашып алғандар.
  • өтінішінде басқа адамның есеп шотын көрсеткендер.
  • ешқашан әлеуметтік төлемдер жасамағандар.
    Бұндай жағдайларға жол бермеу мақсатында әр адам бойынша жасалып жатқан тексерулер біраз уақыт алуда. Төлемдердің кешігу себебі де осыдан.
    Сонымен қатар, есеп шоттары жоқ азаматтардың өтініштері қабылданады. Төлем тағайындалады, ал есеп шоты туралы мәліметті 1 ай мерзім ішінде кейіннен ұсынуларына болады. Аудан бойынша өз құжаттарын дұрыс толтырмай, жеке басына тиесілі ақпараттарды толық енгізбей отырған (ЖСН. есеп шоты, байланыс телефоны) азаматтар да бар. Әлеуметтік төлемнің тағайындалғаны немесе тиесілі еместігі туралы SMS хабарламалар міндетті түрде келеді.
    Республикалық бюджет арқылы 2158 адамға 12,0 млн. теңге көлеміндегі төтенше жағдай аяқталғанға дейінгі көмек белгіленген санаттардың есеп шоттарына ай сайын 5567 теңгеден аударылады. Сәуір айының төлемі 15-не дейін төленеді.
  • атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 6-18 жас балаларына.
  • бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне.
  • мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға.
  • 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға.
  • Ресми тіркелген жұмыссыздарға.
    Жергілікті бюджет (облыстық) арқылы 2493 адамға 49,860,0 мың теңге қаралды. Бүгінгі күнге 1529 адамға 30580,0 мың теңге көлеміндегі 20000 теңгеден біржолғы көмек сәуір айының 15-не дейін белгіленген санаттардың есеп шоттарына аударылады.
  • бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектеріне.
  • мүгедек баланың күтімімен айналысатын ата-аналарға.
    -16 жасқа дейінгі мүгедек балаға.
  • жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлерге.
  • әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға (қатерлі ісік, туберкулез, АИТВ/ВИЧ).
  • атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларын қоспағанда отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша күнкөріс деңгейі мөлшерінен бір еседен аспаған жағдайда аз қамтылған отбасыларына.
    Шалқар ауданының жеке кәсіпкерлері тарапынан «Біз біргеміз» акциясы қолдау тауып, әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтарға қайырымдылық көмектер көрсетілуде. Бүгінгі күнге төтенше жағдай басталғаннан бері ауданда барлығы 240 отбасына 1461,4 мың теңге көлеміндегі азық-түлік пакеті, гигиеналық құралдар, маска және басқа да көмектер көрсетілді. Оның ішінде: 135 аз қамтылған отбасына, 90 көп балалы отбасыларына, 5 мүгедектерге, 10 жалғыз басты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге заттай және басқада көмек түрлерін алды. Мерекелік атаулы күн 9 мамыр Жеңіс күніне орай жергілікті бюджеттен 317 адамға 13,070,0 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек төленді. Атап айтқанда, 223 тыл ардагеріне 30,0-6690,0 мың теңге, 9 марапаты бар «Ерең еңбегі үшін» 9 адамға 30,0-270,0 мың теңге, бейбіт уақытта қаза болған жауынгер отбасы 7 отбасына 30,0-210,0 мың теңге, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілгендер 44 адам 100,0-4,400,0 мың теңге, ҰОС қатысушыларының екінші некеде болмаған жесірлері 20 адам 50,0-1000,0 мың теңге, ҰОС мүгедектерінің екінші некеде болмаған жесірлері 10 адам 30,0-300,0 мың теңге, Ауған жауынгерінің екінші некеде болмаған жесірлері 4 адам 50,0-200,0 мың теңге.

Ә.БУРАМБАЕВА,
аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы.