Республика бойынша енгізілген төтенше жағдайға байланысты Шалқар өңіріне кіріп-шығуды тәулік бойы қадағалау мақсатында блок посттар қойылды. Барлық автокөліктер мен азаматтар жіті қадағаланады.
Осы жылғы 31 наурыз сағат 00.00-ден бастап транзиттік көліктерді, сондай-ақ тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдар Шалқар ауданына ауыл шаруашылық кәсіпорындарының үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған тауарлар мен материалды таситын көліктерден өзге барлық көлік құралдарына Шалқар ауданы мен Шалқар қаласының аумағына тек рұқсатнамамен ғана кіргізіледі.
Shalkar_akimat