Ж.ТАУШАНОВ ЕСІМІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

4-5 қаңтар күндері қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақтан революционер, қоғам қайраткері Жағал Таушанов атындағы тоғызқұмалақтан 2011-2012,2009-2010 және 2007-2008 жылдары туылған жасөспірімдер және ересектер арасында облыстық ашық біріншілік өтті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен жарысқа Ақтөбе, Хромтау, Темір, Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар және Шалқар аудандарының командалары қатысты. 150-ге жуық тоғызқұмалақшы бақ сынады.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Амангелді Қонақбаев аудан басшылығы атынан жарысты ұйымдастырушыларға алғысын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жарысқа №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тоғызқұмалақтан жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші Ғабит Тәшкінбаев төрешілік етті. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Нұржан Шойғарин, Жағал Таушановтың ұрпақтары жеңімпаздарды Мақтау қағаздары, алқалар, бағалы және ақшалай сыйлықтармен, командалық есеп бойынша I орынды иеленген Ақтөбе, II орынды иеленген Ырғыз, III орынды иеленген Байғанин командаларды диплом және кубокпен марапаттады. Жағал Таушанов ұрпақтарының атынан Жалғас Табынбеков, Мыңбол Ақбергенов және Бақытқали Абдол жарыстың өтуіне демеушілік жасады.
Сондай-ақ, №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мұқтар Құлтасбай біріншіліктің өтуіне атсалысып,, демеушілік жасаған Тосқан Жағалға, Кішкене Молбаевқа, Қонысбай Әлжановқа, Абай Ноғаевқа, Бақытжан Анапинге, Бауыржан Жалғабаевқа, Арыстан Садақбаевқа, Жайберген Жалғабаевқа, Орақ Жұмахметовке, Аманбай Әлжановқа, Мейрамбай Әлиевке, Еркін Құлтасбайға, Серік-Тұғыр Әйтеновке Алғыс хаттар табыстады.
Сонымен қатар жарыстың өтуіне атсалысқан №5 мектеп-лицейінің директоры Әлия Әбдіғапароваға, №6 орта мектебінің директоры Әлия Оспановаға, Ідіріс Үргенішбаев атындағы орта мектебінің 5 «ә» сыныбының оқушыларына, сынып жетекшісі Гүлмира Қожановаға, және Жағал Таушанов жайында көрме ұйымдастырған аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нағима Тлембаеваға алғысымызды білдіреміз.

Амандық НОЙЫШ,
Шалқар қаласы.