ТАҒЫ БІР ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Қала әкімі Тұрлан Төлегенов қала тұрғыны, ІІІ топ мүгедегі Ерік Жаңабаевқа аудан әкімінің атынан Т.Жұмағалиев көшесі №2 мекен-жайдағы коммуналдық-жалдамалы тұрғын үйдің кілтін табыстады.
— Мемлекет тарапынан біз секілді мүмкіндігі шектеулі жандарға әркез қолдау көрсетіліп келеді. Бүгін біз де үйдің кілтін алып, баспаналы болып, үлкен қуанышқа кенеліп отырмыз. Көп балалы отбасымыз. «Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, жағдайымызды ескеріп, қолдау көрсетіп, үйдің кілтін табыстап отырған аудан әкімі Бауыржан Нұралыұлына отбасымыздың атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Отбасына амандық, деніне саулық, ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз, — деді Ерік Жаңабаев пен оның зайыбы Жұмагүл Әлиева.