Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының ғимаратында партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. «AMANAT» партиясының Шалқар аудандық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаевтың төрағалығымен өткен жиынға партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Аманғазы Бақтыбаев, Жалмұқан Өтеген, Ерлан Әбдікәрім, Шалқар ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сұлтан Джуманов, Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Бектұрған Зайрымбет, Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Алтынбай Беркимбаев, «Ұлы Борсық» КММ-сінің басшысы Бақытқали Абдолов қатысты.

Күн тәртібінде қаралған «Ұлы Борсық» КММ-сінің қызмет көрсету мәселелері бойынша «Ұлы Борсық» КММ-сінің басшысы Бақытқали Абдоловтың есебі тыңдалды.

Жиын соңында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне «Ұлы Борсық» КММ-сінің қызмет көрсетуі кезінде анықталған кемшіліктерді жою және аталған мекеме қызметкерлерінің жалақысын уақытылы төлеу, қызметкерлердің жалақысын өсіру мүмкіндігін қарастыру, қызметкерлеріне зейнетақы қорына төленетін ақшаларының уақытылы төленуін қамтамасыз ету, «Ұлы Борсық» КММ-сіне жаңадан арнайы техникаларды алу мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс берілді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.