ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев жұмыс сапарымен Шалқар ауданында болды.

Алдымен Шалқар қаласындағы қарияларға арналған белсенді өмір сүру орталығында болып, аудандағы әр түрлі салада қызмет жасаған зейнеткерлермен кездесті. Кездесу барысында Қуанышбай ақсақал ағымдағы жылы бастау алған Шалқар – Ақтөбе автомобиль жолының құрылысын жақын уақытта аяқтап, пайдалануға берілуіне ықпал жасауды сұрады. Халық қалаулысы Қазыбек Әлішев көтерілген мәселенің маңыздылығын айтып, шешімін табуға ықпал ететіндігін айтты.

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Әлішев Шалқар аграрлық-техникалық колледжінің ұжымымен және колледж студенттерімен кездесті. Колледждің директоры Жадыра Жұқатаеваның айтуынша, қазіргі таңда оқу орнында 8 мамандық бойынша кадр дайындалады. Колледж түлектеріне сұраныс жоғары, әсіресе темір жол саласына жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі көп.

Кездесу барысында колледждің 3 курс студенті Айзат Бекболатова жастарға арналған, оның ішінде өз кәсібін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге берілетін қайтарымсыз гранттар саны көбейтілсе деген ұсынысын білдірді. Депутат Қазыбек Әлішев қазіргі таңдағы барлық сала бойынша жастарға арналған қайтарымсыз гранттарға тоқталып, сонымен қатар өз кәсібін кеңейту үшін «Ауыл Аманаты» жобасының маңыздылығын атап өтті.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы ғимаратында Мәжіліс депутаты жергілікті тұрғындарды қабылдады. Депутаттың қабылдауында болған тұрғындар халық саны 1000 адамға жетпейтін ауылдарда медициналық пунктер мен ауылдық клубтар салынуын, автокөліктердің салығына өзгеріс енгізуді, жаңадан салынып жатырған Шалқар – Бозой – Бейнеу автомобиль жолында 40-50 тонналық ауыр жүк көліктерінің қозғалысына шектеу жасау мәселелері қойылды.  Қазыбек Әлішев көтерілген мәселелерді шешімін табуға ықпал ететіндігін айтты.

Партияның аудандық филиалы ғимаратында Мәжіліс депутаты Қазыбек Әлішев және аудандық мәслихат депутаттарының қатысуымен ауқымды жиын өтті. Мәжіліс депутаты ауылшаруашылық саласына қатысты бірқатар мәселелерді баяндады.

Депутаттың жұмыс сапары ауданға қарасты Бегімбет ауылында жалғасты. Депутат екі мың халық тұратын ауылда ағымдағы жылы «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясындағы ауданның Жол картасы аясында салынған дене шынықтыру – сауықтыру кешенінің жұмыс барысымен танысты.

– Жастардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында аудан орталығынан шалғай ауылдарда спорттық кешендер салынып жатыр. Мұндағы басты мақсат ауыл жастарының бұқаралық спортпен шұғылдануына барынша жағдай жасау, – деді Қазыбек Құрманғалиұлы.

Депутат бұдан кейін Бегімбет ауылының тұрғындарымен кездесіп, мәжілістің мінберінде өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.   

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы.