Күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді

Шалқар аудандық мәслихатының депутаты, аудандық мәслихаттағы «Amanat» партиясының депутаттық фракция жетекшісі Жарылғасын Шамбалаев және партияның аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Әбдіғапарова және комиссия мүшелері Аманғазы Бақтыбаев, Жалмұқан Өтеген, Болат Жолмағанбетов, Айгүл Шалабаева Шалқар қаласындағы І.Үргенішбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына мониторинг жүргізді.

Жобаның жалпы құны 200 301,215 мың теңгені құрап отыр. Жауапты мердігер «Сұңқар Ақтөбе 2005» ЖШС.

Мониторинг барысында күрделі жөндеу жұмысы сапалы және уақытылы жүргізілуі қажет екендігі ескертілді. Алдағы уақытта да аталған нысанға партиялық бақылау жүргізіледі.

 «Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.