Республика күні қарсаңында марапатталды

Сары Батақұлы атындағы Шалқар аудандық мәдениет үйінде Республика күніне арналған салтанатты шара өтті. Аудан әкімі Жанболат Жидеханов шараға жиналған қауымды Республика күнімен құттықтады.

Шара барасында «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының жүзеге асуына, өңіріміз бен өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан Аманғазы Бақтыбаев пен Нұржан Жұбатовқа «Amanat» партиясының Құрмет грамотасы табысталды.

Аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған ардагерлер хор ұжымының композитор Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін нақышына келтіріп орындауына жұртшылық тәнті болды. Жас өрендердің батырлар биін билеп, сахнадан тарихи көріністерді сомдауы — үлкен дайындық белгісін аңғартты.

«Amanat» партиясы Шалқар аудандық филиалы.