«Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы» тақырыбында интеллектуалды сайыс

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалына қарасты «Ұлы Борсық» БПҰ – ның ұйымдастыруымен 5 Қазан — Ұстаздардың төл мерекесі қарсаңында «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» тақырыбында партия мүшелері арасында интеллектуалды сайыс өтті. Сайысқа «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалының саяси кеңес мүшелері Әлия Әбдіғаппарова мен Айнагүл Жұмағұлова және ардагер ұстаз, партияның белсенді мүшесі Раушан Қали қатысты.
Іс-шараның мақсаты — ұстаздарды мерекесімен құттықтау. Сонымен қатар, қатысушылардың танымдық интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашыл әрі еркін ойлай алатын ұстаздар ортасын қалыптастыру.

Amanat партиясы Шалқар аудандық филиалы.