«Еңбегімен ер сыйлы» атты кездесу кеші

Қазақстанда Еңбек күнi қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде аталып өтіледі. Еңбек күнi — бұл адамдарды жаңа еңбек шыңдарын бағындыруға ынталандыруға, қолдауға және шабыттандыруға арналған мереке. Мұндай мереке әр елде аталып өтедi. Елiмiз азаматтардың еңбекқорлығының арқасында құрылып, дамып келедi. Осы орайда «AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы қалалық №3 кітапхана бірлесіп «Еңбегімен ер сыйлы» атты мерекелік кездесу кешін өткізді. Дүбірлі кештің шымылдырығын аудандық мәслихат депутаты, аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Ж. Шамбалаев ашып берді.
Мақсаты — ауданымыздағы еңбек ардагерлерін құрмет тұтып, жасаған игі істерін, атқарған зор еңбектерін бағалап, жастарға насихаттау, тәлім-тәрбие алу, өткерген қиыншылықтары мен қызықты әсерлерімен бөлісу.
Кеш қонақтары ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілерінен ізеттігін аямайтын, ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас көз бола білген ауданымыздың ардагерлері Амангелді Қалыбаев, Нұрлан Мысырұлы Майкөпов.

Шара барысында ел тізгінін ұстай білген ардагерлеріміздің өмір жолдары туралы бейне таспа әзірленіп көрсетілді.Сондай-ақ «Бақыттың кілті еңбекте» атты кітап көрмесі жасақталып,кеш әсем әнмен жалғасты.Шара соңында ардагерлеріміз бата беріп, ризашылықтарын білдірді.

«AMANAT» партиясы Шалқар аудандық филиалы